Сарыағаш қаласындағы «Aray Deluxe Thermal Resort» шипажайында салауатты өмір салтын насихаттау мен отандық туризмды дамыту мақсатында және «Жеңіс» күніне орай спартакиада ойындары ұйымдастырылды. Спартакиада ҚР Президентінің Іс Басқармасының ведомстволық ұйымдары арасында өтті.

Жарысқа Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Орталық клиникалық ауруханасы»ҚР ПІБ «Алматы» шипажайы, « Оқ-Жетпес»  шипажайының Алматы қаласындағы бөлімшесі, Сарыағаш қаласының «Орталық аудандық емханасы», Шымкент қаласының  «Ontustik Tourism Center» туристікақпараттық орталығы және «Aray Deluxe Thermal Resort» шипажайы қатысты. Сайыс сегіз спорт түрінен өтті.Ол-мини футбол, үстел теннисі, шахмат, жүзу, бильярд, арқан тартыс және гольф.

 

    Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынға «Aray Deluxe Thermal Resort» шипажайының командасы ие болса, екінші орынды ҚР Президентінің Іс Басқармасының «Орталық клиникалық емханасы» иеленді. Ал, қола жүлде «Алматы» шипажайының командасына бұйырды. Сондай-ақ спартакиада аясында алғаш рет гольфтен жарыс ұйымдастырылды. Бұл сайыста бірінші орынды «Алматы» шипажайы командасының атынан қатысқан Лаура Қадырова иеленді.

     Бірнеше күнге жалғасқан спартакиада ойындары жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығыбелсенділік танытып, өз командасының абыройын асқақтатуға тырысты. Жарыс соңында алтын, күміс, қола жүлдесінің иелеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар спартакиадақатысушылары Шымкент пен  Ташкент қалаларына саяхат жасады. Спорттық ойындардың соңы үлкен мерекелік кешкі аспен жалғасып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.