ДЕРТКЕ ДАУА, ЖАНҒА ШИПА

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында адами капиталдың дамуына, әсіресе, ұлт саулығын нығайтып, саламатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша мән бергенін аңғаруға болады. Мемлекет басшысы Жолдауда «қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс» деп саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуді тапсырғаны белгілі. Расында, кез келген мемлекет үшін адам – басты капитал екенін ескерсек, халық денсаулығы басым көрсеткіштердің бірі. Созылмалы сырқатпен ауырған жандардың жаны мен тәнін қалпына келтіруде шипажайлық кешендердің көмегі көп. Бүгінде бұл сала сауықтырудың ең тиімді әдісі ретінде әлемдік практикада кеңінен қолданылып келеді.

Осы тұрғыда медициналық туризм саласы қалай дамуда? Шипажайлық кешендердің жұмысы қалай деген сауалдар алдымыздан шығатыны анық.

Бүгінгі таңда отандастары­мыз­дың бізде емес, басқа елдердің ем­деу-оңалту мекемелеріне баруы жиі­леп кеткені жасырын емес. Дәл со­лай өзге елден туристердің Қа­зақ­­станға келуі қаншалықты? Көз­тар­тар сұлу табиғаты мен емдік ши­пасы бар жерлеріміз қаншама?! Елі­міз шипажайлық қорларға бай өлке. 1930-1960 жылдар арасында ши­палы су мен емдік балшығы мол көп­теген жер табылып, зерт­те­ліп, қазір игілігімізге қолданылуда. 1986 жылдан бастап, Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма – Арасан, Сарыағаш, Меркі, Ман­кент, Жаңақорған және Қа-пал – Арасан, Ақжайық, Алатау, Оқ­жет­­пестер өз жұмысын бастап, елі­­міздегі ірі емдеу-оңалту орта­лық­тарына айналды. Елбасы «Қа­зақ­стан – 2050: Бір мақсат, бір мүд­­де, бір болашақ» атты Жол­дауын­да «Қазақстан медициналық ту­ризм бойынша жетекші еура­зия­лық орталыққа айналуы тиіс» деп нақты тапсырмалар мен міндеттер қой­ғаны белгілі. Әлбетте, меди­ци­на­лық туризм экономикалық та­быс көздерінің бірі екені рас. Мә­се­лен, Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек 2016 жылы ал­матылықтар 400 млн доллар кө­ле­мінде ақша шығарып, шетелге ба­рып емделгенін атап өтсе, Ме­ди­циналық туризм қауым­дас­ты­ғының атқарушы директоры Ба­тыр­бек Әбділдин отандас­тары­мыз­дың 2012-2014 жылдары шетелде емделу үшін 300 миллион евро жұм­сағанын айтуда. Яғни, бұл – сырт елге қаншама қаражатымыз ке­туде деген сөз. Сондықтан отан­дық экономикамызды дамыту, оның ішінде медициналық ту­ризм­ді өркендету үшін отандық ши­пажайларды таныту, халықты тар­ту екені айдан анық.



Осынау шипажайлардың ішін­де республикамыздың оңтүстік өңі­рінен орын тепкен Сарығаш ши­палы суын білмейтін жан кем­де-кем. Қаншама адамдар жыл сайын жандарына дауа, дерттеріне ши­па тауып жатады. Жібек жолы бойындағы Сарыағаш өңірі – ар­ғы-бергі тарихымыздағы баба­ла­рымыздың табаны тиіп, ізі қалған киелі мекен. Тарихқа көз жүгірт­сек, желмаясына мініп, Жерұйық із­деген Асан қайғы бабамыздың Ке­лес бойын: «Бал татыған суың-ай, Қалың қамыс нуың-ай» деп там­сана жырлауынан-ақ, бұл өлке­нің нулы да сулы жер екенін ұғыну қиын емес.



Өткен ғасырдың ортасына та­ман Сарыағаш арасаны ашы­лып, емдік-сауықтыру орындары бой көтере бастаған болатын. Са­рыағаштың тыныс-тіршілігімен та­нысқан Елбасының өзі «…Са­рыа­ғаштың шипалы суына сенім мол. Маған жыл сайын осы ку­рорт­­та жиырма мыңнан астам қа­зақстандықтың денсаулығын тү­зеп қай­татынын айтты. Бұл «ауыр­мау­дың жолын іздеудің» бір бағы­ты осы жаққа жетелейтінін көрсе­теді. Бар­шаңызға денсаулық ті­леймін. Сарыағаш халықтық сана­торий екен. Оны әлі жақсар­тып, көркей­те­міз» дегені ел есінде жақсы сақ­талған. Сонымен қоса, Елбасы ши­­­­пажайдың гаст­роэ­нтро­ло­гия­лық, уронефрологиялық аурулар жиі кездесетін республи­ка­мыз үшін маңыздылығын дөп ба­сып айтқан еді. Сарыағаштың ми­­нералды суы мың да бір ауруға ем. Негізінен созылмалы асқазан-ішек ауруына шалдыққандар үшін Са­рыағаш минералды суының ши­пасы мол. Асқазан-ішек ауруы­ның, асқазан және он екі елі ішек жарасы, созылмалы өт қалтасы, со­зылмалы өт жолдары сырқат­тары, өт қалтасы мен өт жолдарына тас байланғанда, созылмалы бауыр аурулары, көк бауыр, сусамыр, со­зылмалы колит, энтероколит, дис­бак­териоз сияқты бірнеше түр­лерін сауықтырады. Осы атал­ған­ның барлығын да минералды су жақсы емдейді. Сарыағашқа ем із­деп келетіндердің арасында бауыр­дың және өт жолының (со­зыл­малы гепатит, созылмалы хо­лецистит, өт бөлетін жолдың дис­функциясы) созылмалы аурулары­мен ауырғандар да жиі кездеседі. Минералды суды осындай науқас­тарға ішуге кеңес береді. Шипалы су бүйректегі, өттегі құмды шая­-ды. Бүгінгі күні Сарыағашта көпте­ген шипажайлар ашылып, әрқай­сысы шипалы сумен қатар түрлі ем-дом ұсынуда. Сарығаштағы кө­­рікті емдеу-оңалту орталық­та­ры­ның бірі – Арай Де люкс ши­пажайының бас директоры Рол­лан Шеримовпен шипалы ем­нің ерек­шелігі хақында тілдескен едік.



Бүгінгі күні шипажай сауық­тыру орны – алдыңғы қатарлы ем­­деу әдістерін игерген, жоғары жұ­­мыс мәдениетін және өз қыз­мет­­керінің нәзік тұстарын жете бі­­летін, жаңа талаптарға сай ма­ман­­дар бар ұжым. Емдеу-сауық­тыру шипажайы – тек бір өңір тұр­ғын­дарын емес, бүкіл Қазақстан ха­лқы емделетін шипалы орын. «Жа­қын маңайды қоспағанда, со­нау Алтай мен Атыраудан, Алатау мен Арқадан, қысқасы бай­тақ еліміздің түкпір-түкпірінен ке­летін демалушылар саны қазіргі ауыр кезеңде де толастамауы – шипа­жай­дың келешегі жар­қын екенді­гінің айғағы. Соны­мен қоса, бізде өзіміздің шипалы су арасанымыз бар. Яғни, емделу­ші­лер суды бір­ден қабылдай ала­ды» деп шипажай басшысы бұған қоса микроклимат сақтау мақса­тын­да айналаны жасыл желекпен көм­кер­генін баса айтты. Сонымен қо­са, ем түрлеріне байланысты «Жыл­­ма-жыл зама­науи жаңа тех­нологияға сай әр­түрлі аппа­рат­тар­ды сатып алы­на­ды. Соның негі­зін­де сапалы ем жүр­гізіледі. Заманауи әрі жаңа са­падағы аппараттар бар. Мұн­дай жан-жақты ем алуға жағ­дай жа­сал­ған шипажайлар кемде-кем. Па­ра­фин-озекерит, электро­форез, амп­липульс, УФО, ингаля­ция, дарсенваль, әртүрлі дәрілік шөп­термен, пантамен дайында­ла­тын минералды ванна мен душ, фито шай, массаж қызмет­те­рі­мен келу­шілерге сапалы қызмет көр­сетеміз» деді.



Мекеме басшылары үнемі ем­делу­шілермен кездесіп, олардың өті­ніштерін, ескертпелерін еске­ру­ге, жылы шырай танытып, дема­лу­шы­лардың хал-жағдайын сұрап жү­реді. Бұл – ең бірінші ел ал­дын­да­ғы жауапкершілікті сезіну болса, екіншіден, емделушілер үшін жы­лы қарым-қатынастың өзі бір ем-дом болып табылатыны сөзсіз. Ши­пажайға ауыр сырқаттардан кейін оңалту мақсаттарында ке­ле­тін емделушілер болады. Сон­дық­тан мамандардың біліктілігі басты назарда болады. Роллан Шеримов қызметкерлер шетелдік тәжіри­бе­ден өтетінін, күнделікті оқыту өт­кі­зілетінін тілге тиек етті. Қыз­мет­кер­лердің ізеттілігіне, емделу­ші­лер­ге қызмет көрсетілуіне айрық­ша көңіліміз ауды. Олар үнемі кү­ліп, жайдары болып жүруі керек екен. Бұл – емделушілердің көңіл-күйі­не әсер ететін бірінші шарт. Басшылар барлық қызметкерлер­ден сыпайы, биязы болуын талап етеді. «Бұл – біздің шипажайда дәс­түр ретінде қалыптасқан жағ­дай. Даяшылар төрт мезгіл ем алу­шыларға жүгіріп жүріп қызмет жа­сайды. Барлық ем алушылар дая­шыларға риза. Жақсы көңіл-күймен әзірленіп, ұсынылған та­мақ­тың өзі ем болады. Емнің басты кепілі – дұрыс тамақтану» деген ол күнделікті ас мәзірі әр адамның диетасына орай жасалатынын атап өтті.



Шипажай өзінің географиялық орналасу жағынан және көп мил­лион­ды халқы бар Ташкент шаһа­ры­на 20 шақырым жерде орна­ласуы – туристердің жолаушылап қайтуына ыңғайлы. Киелі топырақ Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яс­сауи кесенелеріне, қасиетті Түр­кістан­ға сапар шегуге, Шымкентке, Ташкентке, Әмір Темір сағанасы бар Самардқандты көріп қайтуға мүмкіндік мол. Шипажайға шетел­діктер көптеп келіп демалады екен. Бүгінде Сарыағаш шипалы суымен елімізге ғана емес, әлемге таныту­ды шипажай басшылығы мақсат етіп отыр.



Болашақта Сарыағаш Есенту­ки, Кисловодск сияқты курорттық қа­лаға айналып кетуі ғажап емес. Елі­міздің медицинасы бүгінге дейін «Саламатты Қазақстан» бағ­дарламасы бойынша дамыды. Енді 2019 жылға дейін «Денсаулық» бағ­дарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама аясында азаматтардың денсаулығын нығайту, қалпына кел­тіру шараларына байланысты көптеген жайттар айтылған. Осы орай­да Сарыағаштың болашағы зор екені анық. Мұхтар Әуезов «Орта Азия көлемінде Сарыағаш суына пара-пар ешбір су жоқ» деп бекер айтпаса керек.

Ақбота ИСЛӘМБЕК.   "Айқын" газеті - aikyn.kz